Қала аумағынан қару тапты

91

Жамбылдық құқық қорғау қызметкерлері қару-жарақ пен оқ-дәрілерді іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл шараға ҚАЖ қызметкерлері де тиісті деңгейде атсалысуда. Шара барысында шаһардағы көп қабатты үйлер, саяжайлар, гараж кооперативтері, саябақтар мен скверлер жіті тексерілуде.

Іздестіру шаралары кезінде көне қаладағы Көшек батыр көшесінің соңында орналасқан 15 мөлтекаудан құрылысының маңынан қару табылды. Атап айтқанда, қоқыс астындағы бетон плитадан 1 бірлік Ф1 гранаты мен 5,45 мм калибрлі 30 патрон табылып, тәркіленді.

Қазіргі таңда тәркіленген қару-жарақтарға қатысты арнайы сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Comments are closed.