- Advertisement -

Әлемде гепатиттің 700-ден астам белгісіз жағдайы анықталды — ДДС

121

- Advertisement -

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлем бойынша гепатиттің 700-ден астам белгісіз жағдайы туралы мәлімдеді.

ДДСҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус этиологиясы белгісіз гепатит әлемнің 34 елінде тіркелді, 700-ден астам балада анықталған.

«Қазіргі уақытта ДДСҰ 34 елден 700-ден астам ықтимал жағдай туралы ақпаратқа ие және тағы 112 жағдай тергеу сатысында тұр. Бұл балалардың кем дегенде 38-і бауыр трансплантациясын қажет етті, ал 10-ы қайтыс болды», — деді ұйым басшысы Женевада өткен брифингте.

Гебрейесустың айтуынша, тексеру кезінде гепатиттің дамуын қоздыратын бес вирустың ешқайсы табылған жоқ. Оның айтуынша, ұйым «гепатиттің түсініксіз жағдайлары» туралы үнемі хабарлама алады, бірақ жақында бірқатар елдерде аурудың өсуі әдеттегі көрсеткіштен асып түскен.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support