Сарысу
Сарысу
«Амир-Транс-Сервис» ЖШС мен жеке кәсіпкер С.Сердалиев бірлесіп, 16 жұмыс орнын ашты. Жобалық-сметалық құны 18 миллион теңге болатын өндіріс орны «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында қаржылай көмек алып, тұрмысқа қажетті темір бұйымдарын шығаруда. Өңірдегі шағын өндіріс орындарының жұмысымен танысқан аудан әкімі Қанатбек Мәдібек «Амир-Транс-Cервис» ЖШС-ның цехында да болып, темірден түйін түйіп жатқан жігіттердің еңбегіне табыс тіледі.