- Advertisement -

Сотталғандар психологтан кеңес алды

105

- Advertisement -

Түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілерді тәрбиелеу процесінің тағы бір бағыты — мекеме психологының сотталғандар арасында әртүрлі тренингтер өткізуі. Осыған орай, ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша және сотталғандарға, сонымен қатар ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің 2022-2024 жылдарға арналған іс шаралар жоспарының тармақшаларын орындау мақсатында облыстық ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінің психологы А.Сыбанбаев ұйым­дастырған психологиялық тренингке мекемеде жазасын өтеуші 10-нан аса сотталған адам қатысты. Тренинг барысында психолог ма­ман сотталғандармен жеке-жеке пси­хологиялық сұхбат жүргізді.

— Сотталғандарды қоғамнан оқ­шау­латпай, ортаға тарту маңызды. Ба­рынша қолдау білдіріп, әрі қа­рай көппен бірге араласып кетуін қам­тамасыз ету керек, — дейді маман.

Жалпы, бұл тренингтің мақсаты – сот­тал­ғандарды жаңашылдыққа, инно­вациялық әдіс-тәсілдерді тәжі­рибе­леріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру, жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм сезімдерін дамыту сондай-ақ, сотталғандардың эмоциялық көңіл күйлерін көтеріп, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support