- Advertisement -

Есепте тұрған азамат түзеу мекемесіне айдауылданды

115

- Advertisement -

Пробация қызметкерлері тарапынан жаза басып, жаңылысқан жандарға күн сайын тиісті деңгейде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, заңға немқұрайлы қарайтындардың саны азаяр емес.

Мәселен, Тараз қалалық №1 пробация қызметінің есебінде тұрған Х есімді азамат сот жүктеген міндеттерді сақтамаған. Ол дәл осындай әрекетті бірнеше рет қайталап, тіпті әкімшілікке жауапкершілікке де тартылады.
Нәтижесінде сот қаулысымен жазаның өтелмеген бөлігін өтеу үшін 1 жыл 5 айға қайта түзеу мекемесіне айдауылданды.

Айта кету керек, Х есімді азамат 2018 жылы жазасының қалған мерзімін өтеу үшін 5 жыл 3 ай 2 күнге пробация қызметінің есебіне тіркелген болатын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support