- Advertisement -

«AQ JOL» газетінің бас редакторы тағайындалды

451

- Advertisement -

Ақын, журналист Хамит Есаман «AQ JOL» газетінің бас редакторы болып тағайындалды.

Хамит Есаман 1986 жылы 16 тамызда Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылында дүниеге келген. Тараз педагогикалық институтының түлегі. 2008 жылы «Жалын» баспасынан «Ағаштың бүрі», 2013 жылы «Жазушы» баспасынан «Қараша хаттары» атты өлеңдер жинағы жарық көрген.

Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» аталымы бойынша жүлдегері. Бұған дейін ол бас басылым «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарды. Сондай-ақ ол Жамбыл облыстық Жазушылар одағы филиалының директоры.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support