Жамбылда не жаңалық?

Байзақ

Байзақ

Аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен батыр бабамыз Байзақ Мәмбетұлының 225 жылдығына орай «Ұрпақтары ерлерін ұмытпасын» атты облыстық жас ақындар айтысы болып өтті. Жас ақындардың сөз сайысында қазылар алқасының шешімімен Жамбыл ауданының намысын қорғаған Нұрлыбек Құрманов жеңімпаз деп танылды, оған түрлі түсті теледидар табыс етілді. Екінші орынға жуалылық Қанат Мырзаханұлы, үшінші орынға байзақтық Дархан Әбдіманатов ие болды.