Жуалының басты «көзірі» – төрт түлік пен туризм

117

Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші туралы айтар болсақ, халықтың негізгі табысы ауыл шаруашылығы саласымен тығыз байланыста қатар дамуда. Мал және мал өнімдерінен тұратын өндіріс көлемі де соңғы жылдары біршама артқан. Бүгінде сүт және ірімшік өнімдері ауданның негізгі брендіне айналып үлгерген.

Өңір экономикасы аграрлық салаға құрылғандықтан облыстағы ауыл шаруашылығы тауарының – 10,6, өнеркәсіп өнімінің 1,4 пайызын аудан шаруалары, инвестицияның – 1,1, құрылыстың 3,1 пайызын өндіріс саласы құрайды.

Бүгінгі таңда ауданда тұрғын үй кезегінде – 710, тұрғын үй салу үшін жер телімі кезегінде 3 354 адам тұр. Кезектілік мәселесін шешу мақсатында өткен жылы Б.Момышұлы ауылында 18 пәтерлі үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталып, биыл аяқталды. Ендігі жерде оның инженерлік инфрақұрылымын тарту жұмыстары қалып отыр. Ол үшін қосымша қаражат қарастырылуда. Бұл көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға биыл беру жоспарымызда бар. Бұдан бөлек, «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 36 жас маманды, «Асар» жобасымен 14 отбасын тұрғын үймен қамту көзделген.

Биыл Б.Момышұлы ауылында 60 пәтерлік 10 көпқабатты тұрғын үйдің және 18 пәтерлі 3 қабатты бір үйдің жобалық-сметалық құжаты әзірленіп сараптама қортытыңдысы алынып, бюджеттік өтінім берілді. Қаражат бөлінген жағдайда, 2025 жылға дейін кезекте тұрған 636 адам пәтермен қамтылатын болады. Ал жер телімі кезегінде тұрғандарды жер учаскесімен қамтамасыз ету үшін жұмыстар басталып кетті. Атап айтсақ, өткен жылы Б.Момышұлы ауылындағы Көктөбе тұрғын алқабынан 170 жер телімі кезектегі азаматтарға үлестірілді. Биыл үш тұрғын алқапта, атап айтсақ, Теріс, Нұрлыкент пен Қосбөлтек елді мекендерінің әрқайсысынан 63-тен жер телімі беріледі. Ол тұрғын алқаптар электр желісімен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда ауыз су мен газ желілері тартылуда.
Алдағы жылы 5 тұрғын алқапқа ауыз су және газ жүйелерін кіргізу үшін ЖСҚ әзірленіп, бюджеттік өтінім өткізілген. Бұл жобалар іске асырылса, 348 жер телімін беру көзделген. Одан кейінгі жылдарда Көлбастаумен өзге де 3 тұрғын алқапты қосу жоспарда бар. Алдағы үш жылда 2628 адамды, яғни кезектегі тұрғындардың 78,4 пайызын жер телімімен қамту жоспарымызда бар.

Аудандағы 49 елді мекеннің 31-і орталықтандырылған таза ауыз су жүйесіне қосылған. Биыл 4 елді мекенге жаңадан орталықтандырылған ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу жоспарлануда (Қоңыртөбе, Жаңаталап-Ақтоған, Рысбек батыр ауылдары). Алдағы үш жылда 14 елді мекенге таза ауыз су тарту жоспарлануда.

Газбен қамту жұмыстары жақсы жолға қойылған. 49 елді мекеннің бүгінде 40-ы да көгілдір отын тұтынады. Ол 81,6 пайызды құрайды. Биыл таулы өңірдегі Қаратас, Рысбек батыр, Қызтоған, Ақтасты мен Қошқарата ауылдарын табиғи газбен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары басталып кетті. Қалған 4 елді мекен бойынша ЖСҚ дайындалып, сараптама қарауына ұсынылды. Бұдан бөлек, аудандағы 169 әлеуметтік нысанның 115-і табиғи газды, 54-і тас көмірді пайдаланады. Биыл 14 нысанды газға қосу жоспарланған. Қалғандары алдағы үш жылда толық көгілдір отынға ауыстырылады.
Өткен жылдың қорытындысымен ауылішілік жолдардың жарықтандырылуы 68 пайызды құрап, жалпы 186 көше жарықтандырылған. Биыл 6 ауылішілік көшеге жарық жүйесін жүргізу жоспарлануда. Электр желілерінің жалпы ұзындығы 863,38 километрді құраса, биыл 837 километр электр желілерін ағымды және күрделі жөндеуден өткізу межеленген. Сонымен қатар 388 бағана, 5 трансформаторды ауыстыру белгіленген.

Жол – күретамыр. Аудандағы жолдың жалпы ұзындығы – 561,2 километр. Биыл жолдарды ағымды және күрделі жөндеуден өткізу үшін барлық бюджет көздерінен 1024583 мың теңге бөлінген. Сонымен 2025 жылға дейін аудандық мәндегі жолдардың қанағаттанарлық жағдайы 100 пайызға жеткізіледі.
Білім саласында 6 білім ошағын қайта салу, 7 мектепке күрделі жөндеу жүргізу қажет. Мемлекет басшысы тапсырмасы аясында «2025 жылдың соңына дейін кемінде 1000 мектеп салу жөніндегі» жол картасына аудан бойынша аталған 6 білім ошағы енгізілді. Биыл Диқан және Алатау ауылдарындағы мектептер пайдалануға беріледі. Ал 2022-2025 жылдар аралығында 4 мектепке жаңа құрылыс, 7 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу ойда бар.

Ауданда халыққа 47 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Б.Момышұлы ауылында орталық ауруханаға жаңа ғимарат қажет. Сонымен бірге бірнеше елді мекенде дәрігерлік амбулатория, ФАП пен МП салу жоспарланған. Мәдениет саласында да дәл осындай жағдай. Бірнеше елді мекенде мәдениет үйі жоқ. Биыл Қайрат ауылында 149 орындық мәдениет үйін салу көзделген. Алдағы үш жылда Көлбастау, Кәріқорған ауылында 149 орындық мәдениет үйлерін салу, Шақпақ пен Күреңбел ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Спорт саласында биыл – 2, алдағы жылы – 4, одан кейінгі жылдары 8 нысан салу жоспарда бар.

Ауданда 18,2 миллиард теңгені құрайтын 12 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Бұл жобаларды «Тілегенов Нурбахыт» ЖК ( кептірілген нан цехы), «КАЗГИДРО ОПЭРЕЙТИНГ» ЖШС (су электр стансасын салу), «Ferro-Polymetal Resources Group» ЖШС (қуаттылығы жылына 110 мың тонна ванади және металл өңдеу), «IMC Group» ЖШС (Мақсары майын өңдеу), «Асылжан 2020» ЖК (сүт өңдеу), «Жамбыл Агромилк» АШК (сүт өңдеу), «Ахмет» ШҚ (400 басқа арналған сүт тауарлы фермасы), «Гамбург» ЖШС (жол бойында қызмет көрсету орталығы), «AGRO-LUCK» АШК (100 басқа арналған сүт тауарлы фермасын салу), «Жартыбай Әли» ЖК (демалыс орталығын ашу), «ТаразСтрой-2004» ЖШС (Қаралма тау шаңғы спорт кешені) жүзеге асырмақ. Соңғы жоба «Қаралма тау шаңғы» кешенін биыл пайдалануға беру көзделген. Жоба жүзеге асса 120 жаңа жұмыс орны ашылып, тәулігіне 5 мың туристі қабылдай алады.

Бұдан бөлек, Алатау ШҚ «Көксай туристік кешенін» биыл аяқтауды, 100 жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлаған. Бұл кешеннің қуаттылығы 2 мың адамды құрайды. Қазіргі таңда нысанның құрылысы жүруде. Оның инфрақұрылымын жүргізуге (мемлекет тарапынан 18 км жол салуға қаржы қарастыру) бюджеттен 612 миллион теңге қаралған. Жобаларды іске асыру барысында 2022-2025 жылдары инвестиция көлемі 16,9 миллиард теңгеге ұлғаяды, 430 тұрақты жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

Сондай-ақ ауданда 2022-2025 жылдары іске асырылатын 1096,6 миллион теңгені құрайтын 92 шағын инвестициялық жоба бар. Биыл 25 жоба іске асырылып, 37 жаңа жұмыс орны құрылады. Бүгінде ауданда 8 сүт өндірісі кәсіпорны жұмыс істеуде. Биыл тағы 3 сүт өңдеу кәсіпорнын ашу көзделген.
Коммуналдық теңгерімдегі каналдарды қалпына келтіру бойынша 16 канал ұсынылды. Механикалық тазалау жұмыстарын атқару бойынша 6 канал ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырылды. Жерасты суларын пайдалану үшін ұңғымалар қазып, жаңа технологиялар енгізу бойынша 3 жылда 77 ұңғыма қазу ұсынылды. Биыл 22 ұңғыма қазылмақ. Тамшылатып және жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылуда. «Гамбург» ЖШС – 250, «Жуалы 2020» АШК мен «Күнекей» ШҚ 100 гектар алқапты ылғалдандыратын төрт суару қондырғысын орналастыруда.

Ақтөбе ауылдық округінде «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» қанатқақты жобасы аясында өткен жылы 94 тонна ет, 320 тонна сүт өнімі өндірілді. Жыл соңына дейін қосымша 120 тонна ет өндіру жоспарлануда. Жалпы округте өткен жылмен салыстырғанда мал басы 4 215-ке көбейген. «Атамекен-Бастау» кооперативіне 10 гектар егістік жер берілген. Кооперативтерді жабдықтау және құру бағыты бойынша 19 ауыл шаруашылығы техникасы лизинг жүйесімен алынды. Округте жеке кәсіпкер Гүлбану Канатбаеваның кондитерлік цехы іске қосылып, тәулігіне 2600 килограмм өнім өндіріп, дүкендерге өткерілуде. Кәсіпкер 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған.
Өткен жылы жобаға Ақсай ауылдық округіндегі «Жуалы – 2020» ауыл шаруашылығы кооперативі еніп, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы қанатқақты жоба аясында қайтқан қаржыдан қаржыландырылуда. Бүгінгі таңда кооперативке мүше болып енген ауыл тұрғындары мал алып, үй іргесіндегі және ауыл сыртындағы жер телімдерін тиімді игеруге көшкен. Оның ішінде 5 жоба іске асырылуда.

Елді мекендердің маңындағы 5-7 километрдегі 17,1 мың гектар жайылым жерді мемлекеттік мұқтаж үшін алу жұмыстары атқарылуда. Өткен жылы елді мекендерден 5 километр қашықтықта орналасқан жалпы көлемі 17177 гектарды құрайтын 183 жер телімі анықталған. 2021 жылы 1482 гектар, 2022 жылдың бірінші тоқсанында 1795 гектар жайылым жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Жыл соңына дейін 50 пайызын қайтару жоспарлануда. Малы көп ауыл тұрғындарының төрт түлігін шалғайдағы маусымдық жайылымдарға шығару жұмыстары ұйымдастырылып, қазіргі таңда 39 шаруа қожалық 14,1 мың гектар орман жер қорымен келісімшарт жасасты. Биыл егіс жинау науқаны аяқталғаннан кейін кедергісіз мал жаю 14 ауылдық округ бойынша 103 шаруа қожалықпен 14,3 мың гектарға меморандум жасалып, қол қойылды. Игерілмеген жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару 7,6 мың гектарды құрады.

2022-2025 жылдарға арналған жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы бойынша Ұлттық жобалар шеңберінде 24,565 миллиард теңгені құрайтын 127 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл жобалар іске асқан жағдайда 10548 жұмыс орны құрылады. Оның ішінде кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласындағы шағын кәсіпкерлік жеке бастамалары аясында 104 жоба іске асса, 737 жаңа жұмыс орындарының ашылуы көзделген.

Жұмыспен қамту саласында – 7, «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында – жеке бастамалар бойынша 92, сүт өңдеу цехын ашу – 4, жеміс-жидек, алма бағы шаруашылығын дамыту, өнім сақтау қоймасына тоңазытқыш қондырғысын орнату – 1, мал бордақылау алаңдарын салу – 1, жеке қосалқы шаруашылықта жылыжай салу – 39, балық шаруашылығын дамыту – 9, су үнемдеу қондырғыларын орнату – 6, жем және шөп дайындайтын цех – 2, шағын кәсіпкерлік бойынша барлығы 30 жобаны іске асыру көзделген.
Биыл кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылатындардың саны 3634 адамды құрайды. Оның ішінде жұмысқа орналасатыны – 3012 адам (тұрақты жұмысқа – 2059 адам, уақытша жұмысқа – 953). Әлеуметтік жұмыс орындарына 120 адамды орналастыру жоспарланып, 98 жұмыссыз азамат жұмысқа жолданды (орындалуы – 81,6%). Жастар тәжірибесі арқылы 177 жас маманды жұмысқа орналастыру қарастырылған, 39 жас маман жұмысқа орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 620 адам тартылуы жоспарланып, 307 жұмыссыз азамат орналастырылды. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында – 11, «Күміс жас» – 23, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасымен 2 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Сондай-ақ қысқа мерзімді кәсіптік оқуға – 75, жұмыс берушілердегі жұмыс орнында оқытуға – 30, электрондық еңбек биржасына онлайн-оқытуға – 92, «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде 230 адам оқуға жолданып, мемлекеттік қайтарымсыз гранттар 182 адамға беріледі.

Ауданда 13 924 жас бар. Бұл аудан тұрғындарының 26,2 пайызын құрайды. Биыл әлеуметтік жұмысқа – 30, ақылы қоғамдық жұмыстарға 75 жас жолданады. Бүгінде ресми 208 жас жұмыссыз есебінде тіркелген. Жыл соңына дейін жұмыссыз жастардың 700-ге жуығын жұмыспен қамту, 131 жасқа қайтарымсыз грант беру жоспарлануда.

Олжас ҚАРЖАУОВ, аудан әкімі.
Жуалы ауданы.

Comments are closed.