- Advertisement -

Жүк тасымалы – жауапты іс

37

- Advertisement -

Жүк тасымалы елімізде жақсы дамып келеді. Оған ден қойған кәсіпкерлердің қатары да арта түскен. Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен осы саладағы кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкердің бірі – Ибраим Бешлиев.

Облысымызда жүк тасымалы қызметін дамыту үшін «Даму» қорына қайырылып, мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен кәсібін дөңгелетіп отырған бұл өңірдегі екінші кәсіпкер. Ибраим «Нұр-Али» кәсіпкерлігін 2005 жылы құрып, қалалар арасында жүк тасымалымен айналысады.
– Қандай кәсіп болмасын, оны бастап кету оңай шаруа емес. Бар қиындығына қайыспай қарсы тұрып, жеңіп шығу да азаматтық. Жұмыс болған соң түрлі адамдармен байланыста боласың. Тіл тауып жұмыс істеу керек. Көп адам жүгін аманаттап тапсырған соң оны діттеген жеріне жеткізіп беру де жауапты іс, – дейді ол.
Ибраим Бешлиев жүк тасымалдау қызметін көрсету үшін өткен жылы 5 жүк көлігін сатып алуға бел буады. Ол үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының облыстық филиалына қайырылып, жан-жақты кеңес алады. Осыдан кейін кәсіпкер құжаттар топтамасын жинап, «Сбербанк» АҚ ЕБ-не қаржыландыруға өтінім береді, Банк өтінішті қарап, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында несиесі мақұлданады. «Даму» қорының кепілдігі және пайыздық мөлшерлемесі субсидияланады.
Қаржы қолына тиген соң кәсіпкер тоңазытқышы бар тағы 5 жүк көлігін сатып алып, 5 адамды жұмыспен қамтиды.
– Алға қойған арманға жету үшін тынымсыз еңбек ету керек. Сол кезде ғана мақсатыңа жетесің. Бұл жоспарымды жүзеге асыруға, өз кəсібімді ашуға «Даму» қорының көп көмегі тигені белгілі. Осы қордың көмегімен жылдық мөлшері 6 пайыздық несиеге қол жеткізіп, кəсібімді бастап кеттім. Ісім алға басуда. Мақсатым – алда жүк тасымалымен айналысатын кəсібімді үлкен кəсіпорынға айналдыру, – дейді ол.

Әмина МҰСА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support