- Advertisement -

Сот шешімімен тәркіленген мүліктер кімге және қайда беріледі?

36

- Advertisement -

Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қылмыстық іс бойынша сот үкімі немесе мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын басшылыққа ала отырып жұмыс істейді.

Өткен жылы департамент тарапынан 473 атқару өндірісі қабылданып, ол 334426,4 бірлік мүлікті құрады. Оның 16-сы автокөлік, 243349,4-і алкогольдік өнімдер, 38273 литр дизельдік отын және бензин, 51013 бірлік темекі өнімдері, 76 бірлік кеңсе техникасы, 1083 бірлік ХТТ, 570 бірлік ұялы телефон және тағы басқа құралдар, 30 дана ойын автоматы мен құрылғылары, 16 діни кітап бар.
Жекелеген негіздер бойынша түскен (261703,3 бірлік) мүліктерге 14 комиссия отырысы өткізіліп, шешімдер қабылданды. Комиссия шешімімен 329 атқару өндірісі бойынша 221 068,9 бірлік мүліктерді жою туралы шешім шығарылып, заң талаптарына сай жойылу жұмыстары жүргізілді. 138 атқару өндірісі бойынша 38 989 бірлік мүліктерге бағалау жұмыстары жүргізілген соң мемлекеттік органдардың теңгеріміне ұсыну және ұсыныс түспеген жағдайда сауда-саттыққа қойылуға шешім қабылданды.
Басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне жалпы құны 3 457,3 теңгені құрайтын мүлік берілді. Атап айтсақ, құны 3 096,7 мың теңгені құрайтын 19330 литр бензин және дизельдік отыны, 96,6 теңгені құрайтын 127 халық тұтынатын тауары, 264 мың теңгені құрайтын бір автокөлік мемлекеттік мекемелерге беріліп отыр.

Жалпы өткен жылы 117 атқару өндірісі 9 917,4 теңгеге бағаланған. Электрондық сауда-саттықта 94 атқару өндірісі бойынша 19660 бірлік мүлік 9 931,3 теңгеге өткерілді. Биылғы жылдың 1 тоқсанында 111 атқару өндірісі қабылданды. Бұл 1 719 940 бірлік мүлікті құрады.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 3 комиссия отырысы өткізіліп, жекелеген негіздер бойынша түскен мүліктерге (17 440 бірлік) шешімдер қабылданды. Комиссия шешімімен 39 атқару өндірісі бойынша 7 706 бірлік мүлікті жою туралы шешім шығарылып, аталған мүліктер заң талаптарына сай жойылды. 76 атқару өндірісі бойынша 13164 бірлік мүліктерге бағалау жұмыстары жүргізілген соң мемлекеттік органдардың теңгеріміне ұсыну және ұсыныс түспеген жағдайда сауда-саттыққа қойылуға шешім қабылданды.

Басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне жалпы құны 6,318 мың теңгені құрайтын мүліктер, атап айтсақ, 468,8 мың теңгені құрайтын 2 515 литр бензин және дизельдік, 5 850 теңгені құрайтын бір бірлік автокөлік берілген. Жалпы 2022 жылдың 1 тоқсанында 63 атқару өндірісі жалпы құны 11 886,0 мың теңгеге бағаланған.

Электрондық сауда-саттықта 5 атқару өндірісі бойынша 203 бірлік мүліктер 462 081 теңгеге сатылды, өткен жылғы бірінші тоқсанында сатылған мүліктердің құны 2 887,3 мың теңгені құраған. Бұл көрсеткіш ағымдағы жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 2425,3 мың теңгеге азайған. Оның себебі, сот шешімімен тәркіленген мүліктердің ішінен сатылымға жататын мүліктердің аз көлемде түсуімен реттеледі. Қазіргі уақытта жұмыстар жалғасуда.

Мадияр МАТКЕРИМОВ,
Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің

жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support