Әлеумет

"Пробация" командасы үздік атанды

"Пробация" командасы үздік атанды

Бүгін облыс орталығында шағын футболдан өткен жарыста қалалық пробация бөлімдерінің есебінде тұрған азаматтардан құралған команда үздік атанды. Сондай-ақ бұл күні қалалық жұмыспен қамту және жастар орталығының құрамалары да өнер көрсетті. Шараны Тараз қалалық №1,2,3 пробация бөлімдері бастықтарының алғысөзімен ашылды. ҚАЖ қызметкерлері өз сөзінде қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың жоғары деңгейде өтуі үшін атсалысқан барша жандарға ризашылығын білдірді.  width= Осыдан кейін дүбірлі дода басталып кетті. Қатысушылар төрт командаға бөлініп, өзара үздіктерін анықтады. Сайыс барысында әр ойыншы теңбіл доп тебуден осал еместігін көрсетті. Олардың жарысқа тыңғылықты дайындықпен келгені көрініп-ақ тұрды. Алғашқы айналымнан-ақ алма-кезек шабуылға шыққан қатысушылар әдемі ойын өрнегін көрсетіп, қарша боратқан соққыларымен танылды. Бір сөзбен айтқанда, кіл мықтылардың бәсекесі тартысқа толы болды. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды «Пробация» командасы жеңіп алды. Әдемі ойын өрнегін көрсеткен жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен Алғыс хат табыс етілді. Бұдан бөлек, турнир нәтижесінде түрлі аталымдар бойынша бірнеше ойыншы марапатталды.