Саясат

Тәуелсіздік тірегі – тұрақтылық

Тәуелсіздік тірегі – тұрақтылық

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің бағдарламалық еңбектерінде шешуші бағыттары ретінде жаңа қазақстандық патриотизм, қазақстандық халықтардың әл-ауқаты мен өркендеуі, этносаралық және конфессияаралық келісім болып табылатын зайырлы мемлекеттің ғасырдың ортасына дейінгі стратегиялық дамуының жүйелі тұжырымдамасын ұсынды. Бұл ретте қоғамда, ең алдымен, жастар ортасында діни экстремизмнің алдын алуды күшейту қажеттілігіне, сондай-ақ, конфессияаралық бейбітшілік пен келісім орнаған, діншілдер мен атеистік көзқарасты ұстанған азаматтардың да құқықтары сақталатын және құрметтелетін зайырлы мемлекет – Қазақстан Республикасының дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына сәйкес тұрғындарда діни сананың қалыптасуына ерекше назар аударылады. Дінді жамылған экстремистік және террористік идеологияның таралу процесі соңғы уақытта іс жүзінде бүкіл әлемде ауқымды сипатқа ие болып отыр. Облыс әкімдігі Дін істері басқармасының мәліметтеріне сәйкес, қазіргі таңда облыс бойынша діни бірлестіктер мен филиалдар және өкілдіктердің жалпы саны 317-ні құрайды. Оның ішінде: 275-і мұсылмандар діни басқармасының филиалдары (мешіттер), 42-сі христиандық діни бірлестіктер, 6 православтық, 1 рим-католик, 34 протестанттық, оның ішінде, 9-ы «Иегова куәгерлері» діни бірлестіктер тіркелген. Айта кететін болсақ, қазіргі таңда Қазақстанға шет елдерден келіп жатқан әр түрлі миссионерлердің де саны жылдан-жылға ұлғаюда. Мұның бәрін жоғары оқу орындарының оқытушылары назарда ұстауы керек. Осының бәрі М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғылыми кеңес отырысында жан-жақты талданды. Университеттің тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры А. Наурызбекова аталған оқу орнындағы діни тұрақтылықты сақтау тұрғысында атқарылған жұмыстарды баян етті.

Сонымен қатар жиын барысында білім стандартына сай киіну мәселесі және өзге түйткілді жайттар әңгімеге арқау болды. Алдағы уақытта діни тұрақтылықты үстей түсуге бағытталған шаралар барысы одан әрмен күшейетіндігіне бәріміз сендік.

Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».