Саясат

Азғырушылардан абай болыңыз!

Азғырушылардан абай болыңыз!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытау төрінде берген мазмұнды сұхбатында тіл, тарих мәселесінен бөлек, діни таным турасында да келелі әңгіме өрбіткені аян. Осыған орай облыс әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» ұйымдастыруымен «Елбасы Н. Назарбаевтың Ұлытауда берген сұхбатынан туындайтын XXI ғасырдағы Қазақстандағы дін мәселелері туралы» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Келелі жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов еліміздегі, өңіріміздегі діни ахуалдың жайын әрқашан бақылауда ұстап отыру керектігін тілге тиек етті. Бұдан кейін сөз алған облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Серғали Айдапкелов Елбасы тапсырмасынан туындайтын діни мәселелерге кеңінен тоқталды. Дәстүрлі діни бағыттармен қатар, теріс бағыттағы дін өкілдерінің әрекетін сөз етті. Сондай-ақ, «Жийде» қоғамдық қорының үйлестірушісі Бақтияр Алпысбаев та сөз алып, дәстүрлі діни таным мен қазақы мәдениеттің ара жігін ашуға тырысты. Бұдан кейін мінберге көтерілген ТарМУ-дың аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Режеп Байярисов қоғамда дәстүрлі емес діни ағымдардың орын алуының себептері және ондай жалған діни нанымдардың алдын алу мәселесіне кеңінен тоқталды. Өз пікірін еркін жеткізді. Басқосу барысында өзге де баяндамашылар дәстүрлі діндердің қоғамдағы рөлін жан-жақты талқылады. Азғырушылардан абай болуға үндеді.

Табиғат Абаилдаев,  «Ақ жол».