Спорт және туризм

Жерлестеріміз жеңіс тұғырында

Жерлестеріміз жеңіс тұғырында

Тараз қаласындағы «Көркем гимнастика және үстел теннисі» спорт кешенінде паратаэквондодан ел чемпионаты өтті.

Дүбірлі додаға Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан және Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Жамбыл облысынан 37 спортшы бақ сынады. Чемпионатта жерлестеріміз де жеңіс тұғырынан көрініп, жанкүйерлерді қуантты. Атап айтқанда, 80 келіге дейінгі салмақта Өмірәлі Нышан бас жүлдені қанжығаласа, Темірлан Тұрдалин күміспен күптелді. Осы салмақта Калкен Мұхитдинов қола жүлде иеленді. Бұдан бөлек 63 келідегі Айбек Жұманғали екінші орын алса, 70 келіде Жұмағали Ержанов үшінші орынды қанағат тұтты.