Эсатовтар отбасы үздік атанды

6

Балалар жылы аясында әрі жаз мезгілінің басталуына орай ұйымдастырылған отбасылық турнир мәресіне жетті.

Облыс әкімдігі білім басқармасының «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы» ұйымдастырған жарыста әр отбасы ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, жеңіске жету үшін барын салып бақты. Аламанда «Спорт – бейбітшілік елшісі» деген ұранды ту еткен отбасылар турнирдің көркін қыздырды.
Отбасылар бәсекесіне ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің облыс бойынша департаментінің және Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы ерекше атсалысты. Сонымен жарыс қорытындысы бойынша тараздық Эсатовтар отбасы үздік атанса, екінші орын байзақтық Крікбаевтар жанұясына бұйырды. Ал Жамбыл ауданынан келген Жанқоразовтар шаңырағы үздік үштікті түйіндеді.

Сәндібек ПІРЕНОВ

Comments are closed.