- Advertisement -

Балалар паспорты туралы не білеміз?

199

- Advertisement -

Баршаға белгілі, маусым-шілде айлары демалысқа нағыз қолайлы уақыт. Бұл кезеңде көптеген отбасылар балаларымен саяхаттауды жөн көреді. Дегенмен сапар алдында бірнеше маңызды нәрсені есте ұстаған жөн.

Шетелге шығатын әрбір баланың жеке паспорты (төлқұжаты) болуы қажет. Паспорт ХҚО-да 10 жыл мерзімге рәсімделеді.
Кейде балалар өскен сайын түрі де өзгереді. Мұндайда шекарада келеңсіз жағдайға тап болмас үшін төлқұжаттың мерзімі аяқталмаса да ауыстыру қажет.
Ата-анасының бірі шетел азаматы болса, оның нотариалды куәландырылған келісімі керек.
Балаларға паспорт алу үшін керекті құжаттар тізімі:
– Баланың туу туралы куәлігі (құжаттарды ресімдеген кезде баланың болуы міндетті);
– Ата-анасының бірінің жеке куәлігі;
– Баланың фотосуреті, оны ХҚО-да жасауға болады;
– Баж төлемі туралы түбіртек (8 АЕК).
«Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, мүгедектер, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ белгілі бір жеңілдігі бар санаттағы азаматтар паспортты тегін алады.
Қосымша ақпаратты 1414 нөмірі бойынша біле аласыз.

Еркін Жапаров,
Тараз қаласы бойынша №2 халыққа
қызмет көрсету бөлімінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support