Балалар паспорты туралы не білеміз?
Балалар паспорты туралы не білеміз?
Шетелге шығатын әрбір баланың жеке паспорты (төлқұжаты) болуы қажет. Паспорт ХҚО-да 10 жыл мерзімге рәсімделеді. Кейде балалар өскен сайын түрі де өзгереді. Мұндайда шекарада келеңсіз жағдайға тап болмас үшін төлқұжаттың мерзімі аяқталмаса да ауыстыру қажет. Ата-анасының бірі шетел азаматы болса, оның нотариалды куәландырылған келісімі керек. Балаларға паспорт алу үшін керекті құжаттар тізімі: – Баланың туу туралы куәлігі (құжаттарды ресімдеген кезде баланың болуы міндетті); – Ата-анасының бірінің жеке куәлігі; – Баланың фотосуреті, оны ХҚО-да жасауға болады; – Баж төлемі туралы түбіртек (8 АЕК). «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, мүгедектер, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ белгілі бір жеңілдігі бар санаттағы азаматтар паспортты тегін алады. Қосымша ақпаратты 1414 нөмірі бойынша біле аласыз.
Еркін Жапаров, Тараз қаласы бойынша №2 халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы.