Қатерлі ісікті ерте сатысында анықтау маңызды
Қатерлі ісікті ерте сатысында анықтау маңызды
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі – онкологиялық аурулармен күрес. Берілген мәліметтер бойынша өткен жылы елімізде 190 559 адам онкологиялық аурумен есепте тұрған. Оның ішінде 32737 ауру алғаш рет осы сырқатпен ауырғандар. Ал облысымызда өткен жылдың қорытындысы бойынша 7777 (2020 жылы – 7652) ауру қатерлі ісікпен есепте тұр. Қатерлі ісікпен алғашқы рет анықталған сырқаттар саны – 1514 (2020 жылы – 1414), аурушаңдық көрсеткіші – 133,1 (2020 жылы – 124,2), яғни аурушаңдық көрсеткіші аздап көтерілген, себебі ауруды ерте сатысында анықтау жұмысы жақсарған және бұған скринингтік тексеруден өткізудің үлесі де зор. Аналық безі қатерлі ісігіне келсек, өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл дертпен – 335 сырқат (2020 ж. – 326) есепке алынған, онкологиялық аурулардың құрамы бойынша бұл көрсеткіш 4,3 пайызды (2020 – 4,2%) құрады. Алғашқы рет анықталғандар саны – 49 (2020 – 39), аурушаңдық көрсеткіші – 4,2 (2020 – 3,4), қайтыс болғандары – 27 сырқат (2020-24). Аналық безі қатерлі ісігі – бұл қатерлі ісік аналық бездің өзінде болады, яғни бірінші түрі немесе метастазалық болуы мүмкін (басқа кез келген ағзадан келуі мүмкін). Бұл аурудың төрт сатысы болады, төртінші сатысы өте қауіпті деп есептеледі. Диагностикалау жұмысы аналық бездің төмен орналасуына байланысты қиынға түсуі мүмкін. Көбінесе, әйелдерді іштің төменгі жағында ауру мазалайды, іштің үлкеюі, тамаққа тәбет тартпау, әлсіздік пайда болады. Өкпенің шаршауы, ауа жетіспеу аурудың асқынғанын көрсетеді. Сондықтан әйелдердің акушер-гинеколог дәрігеріне уақтылы қаралуы керек, дәрігерлер медициналық жабдықтармен тексеруге жібереді, әсіресе уақтылы УЗИ, кеуде қуысын рентгенмен тексеру, МРТ, КТ, онкомаркеры СА 125, НЕ-4, СА 19-9. ), тағы басқалары. Бұл әдістер ауруды ерте сатысында анықтауға көмектеседі. Тері меланомасы өте жоғары қауіпті қатерлі ісік болып есептеледі. Сондықтан әрбір себептен терінің өзгеруі, әсіресе туа біткен қалдардың өзгеруі қауіпті. Күн сәулесі туа біткен қалдардың қатерлі ісікке айналып кетуіне әкеліп соғуы мүмкін. Қазіргі таңда тері меланомасымен 71 ауру (2020-72) есепте тұр, аурушаңдық көрсеткіші – 0,8 (2020 – 0,6), қайтыс болғаны – 6 (2020 – 7). Бұл аурудың да 4 сатысы болады. Диагностикалау кезінде «ABCDE» кестесін қолданған жөн: A (asymmetry) – асимметрия, қалдың жан-жағы бір-біріне ұқсамайды; С (color) – әртүрлі түрлердің пайда болуы (кызыл, қызғылт, көк, ақ т.б.); D (diameter) – диаметрі 6 мм ден жоғары; Е (elevation) – қалдың ісініп тері деңгейінен жоғары болуы. Тері қатерлі ісігі – қатерлі ісік ретінде аса қауіпті емес, ерте сатысында 95 пайыз толық емделеді, диагноз БМСК дәрігерлерімен қойылады. Бұл көзге көрінетін ауру болуына байланысты, ерте сатысында анықтауға болады. Емханалардағы қарау кабинетінен өтіп ауруды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік бар. Қазіргі таңда тері қатерлі ісігімен 918 (2020-912) ауру есепте тұрады, аурушаңдық көрсеткіші – 10,3 (2020-9,8), онкологиялық аурулар құрамы бойынша 12 пайызды құрады. Осыған байланысты тері қабатында өзгерістер болса дәрігерлерге немесе емханалардағы қарау кабинеттеріне жүгіну қажет. Қуық қатерлі ісігі – біршама жиі кездесетін қатерлі ісіктің бір түрі. Ісіктің таралуына байланысты қуық қатерлі ісігі 4 сатыға бөлінеді, төртінші сатысы өте қауіпті болып есептеледі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қуық қатерлі ісігімен есепте 160 ауру тіркелген (2020-157), алғашқы рет анықталғандары – 32 (2020-18), аурушаңдық көрсеткіші – 2,7 (2020-1,5), анықталған аурулар саны өсіп келеді, себебі ерте сатысында анықталған аурулар саны көбеюде. Диагностика қою: аурудың тарихын анықтау, қан араласқан зәр шығу немесе көзге көрінбейтін қанның зәрге араласуы (макро, микрогематурия), зәр шығуының дұрыс болмауы, қуық үстінің ауыруы, түнде көп терлеу, әлсіздік, температураның көтерілуі. Ауруды тексергенде қуық үстінің ауыруы, бұған қоса тік ішек, жыныс органдары ауруының белгілері қосылуы әбден мүмкін. Бұған қоса диагноз қоюға қанды, зәрді тексеру, коагулограмма, цистоскопия, УЗИ, ТРУЗИ, цистография, экскреторная урография, цистография, КТ и МРТ көмек береді. Соңғысы ісікті гистологиялық тексеруден өткізу болып табылады.
Айбаз АЛИХАНОВ, облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының директоры.