- Advertisement -

Өлкенің гүл жайнаған балғындары

30

- Advertisement -

Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Балалар жылы аясында «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты іс-шара ұйымдастырылды. Оған «Дарын» өнер студиясы, №13 бөбекжай бақшасының балалары, мектеп оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандары, ата-аналар қатысты.

Кештің мақсаты – балғындарды ұлттық рухта тәрбиелеу, оқушылар арасында рухани мәдениетімізді насихаттау. Бір жағы балалар күні, екіншіден, Балалар жылы аясында ұйымдастырылған іс-шара әсерлі өтті. Мерекелік кешті 4-сынып оқушылары Бақытжан Жаннұр мен Нұрлан Дулат балаларға арналған өлең шумақтарымен ашып, ортаға кітап әлемінің патшайымын шақырды.
Аталған іс-шарада облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің бас маманы Жадыра Құттыбаева балаларды құттықтады. Кеш «Дарын» студиясының вокалдық тобының орындауымен, биімен жалғасты. «Кітап әлемінің Патшайымы» кітап әлемінің үш алаңын таныстырып, кеш қонақтарына «Шығыстың сиқырлы әлемі», «Кейіпкерлер ғаламшары» және «Балалық шақ бағдаршылары» әлеміне саяхат жасады.
«Шығыстың сиқырлы әлемінде» Жасмин мен сиқыршы Жын викториналық ойындар ойнатып, квест шешті. Ал «Кейіпкерлер ғаламшары» әлемінде Қарақшы Джектің жұмбақтарын шешіп, арқан арқылы кемесін құтқарып Күлбике қыздың шиша аяқ киімін тапты.
«Балалық шақ бағдаршылары» әлемінде Бэтман мен Өрмекші адам жіпке оралған жасырын сөздерді кубиктегі әріптерден құрап тауып, сонымен қатар балалар кейіпкерлермен бірге флешмоб билеп, тик ток әуендермен жарысты. Әр әлемде балаларға арналған 3D, дыбыстық, панорамалық, комикс және т.б. кітаптар мен журналдардан көрмелер ұйымдастырды.
Мереке соңында барлық балаларға балмұздақтар, сусындар таратылып, «Мен бақытты баламын» деп жазылған шарлар үлестірілді.

Әсем ЖОЛЫМБЕТ,
М.Х.Дулати атындағы
Тараз өңірлік университетінің
3-курс студенті.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support