Білім

Гүлбану мен Гүлсана

Гүлбану мен Гүлсана

Қосымша білім беру жүйесі мекемелерінде еңбек ететін педагог кадрлардың шығармашылық әлеуетін арттыру және кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылатын «Әдістемелік вернисаж» республикалық байқауына биыл облыстан Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Пікірсайыс» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы Гүлбану Өскенбаева мен әдістемелік бөлім меңгерушісі Гүлсана Сейтбаева (суретте) қатысып, өздерінің оқу жылына арналған авторлық бағдарламаларын, мұғалімдерге оқу-әдістемелік нұсқаулықтарын және тәрбиеле-нушілерге арналған жұмыс дәптерлерін ұсынған болатын. Жалпы байқауға еліміздің 14 облысынан қосымша білім беру педагогтарының 127 жұмысы ұсынылып, сынға түсті. Олардың барлығы білікті мамандардың сараптауы мен таразысына салынып, нәтижесінде әлеуметтік педагогикалық бағыт бойынша облыстың намысын қорғаған Гүлбану Өскенбаеваның еңбегі талапқа сай деп танылып, ол республикалық «Әдістемелік вернисаж» байқауының бірінші орнын иеленді. Ал туристік – өлкетану бағыты бойынша Гүлсана Сейтбаева «Алғыс хатпен» марапатталды. Енді байқау жеңімпаздарының авторлық бағдарламалары қосымша білім беру педагогтарына үлгі ретінде «Қосымша білім және тәрбие» республикалық оқу – әдістемелік журналына жарияланбақ.

Фариза Жорабекқызы.

Т. Рысқұлов ауданы.