Желбірей бер!..

2

Желбірей бер, көк туым, желбірегін,
Жақсылықтың жаршысы сен білемін.
Көгімізге көркіңмен сән бергенде,
Жадырадым, сүйсіндім, елжіредім.

Көп жеңісте көк туым желбірегін,
Күдігімді үмітке жеңдіремін.
Сен тұрғанда желбіреп келешекке,
Өзімді де, елді де сендіремін.

Көнерместен көк туым желбірегін,
Сенің орның қастерлі төр білемін.
Мерекелік мерейлі шерулерде,
Ел алдында сені ұстап мен жүремін.

Мен мұндалап көк туым желбірегін,
Соға берсін мызғымай «кең жүрегің».
Бейбіт күннің белгісі сені көрсем,
Патриоттық сезіммен серпілемін.

Тек биіктен көк туым желбірегін,
Жеткізе бер, әлемге ел тілегін.
Құламағын, ешқашан құлатпайтын,
Білсең сенің халық пен жер тілегің.

Бақытжан Әліқұлов,
ақын.

Comments are closed.