- Advertisement -

Менің жаным көк Тудан қымбат емес

31

- Advertisement -

Бабаларды әрқашан қылам үлгі,
Биіктеткен Ту менен Ұранымды.
Байрағымның таңбасын қылған дара,
Алтын күн арқалаған қыранымды.

Бостандықты бақытты ел тілеген
Ет-жүрегі еріксіз елжіреген.
Көк байрағым көгіме көтерілді,
Ар-намысы қазақтың желбіреген!

Жақсылардан жүремін тыңдап кеңес,
Қай адам, айтыңдаршы, бұл бақ демес?!
Көк аспанмен таласып тұрса болды,
Менің жаным көк Тудан қымбат емес!

Көк аспан мен байрақтың ғажабы мың,
Кіргендей боп тұрады ажары шын.
Көк туымның желбіреп тұрғандығы,
Абыройы артқаны қазағымның!

Аят Батей, жас ақын.
М.Х.Дулати атындағы Тараз
өңірлік университетінің студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support