- Advertisement -

Балалардың күлкісі — көркі, сәні әлемнің!

157

- Advertisement -

Балалар күні мерекесі қарсаңында  «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ-де «Балалардың күлкісі  —  көркі, сәні әлемнің» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  ағымдағы жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған орай биыл балаларды қорғауға, сапалы біліммен қамтуға, мүмкіндігі шектеулі ерекше балалардың денсаулығын нығайтуға  көңіл бөлініп отыр.

Балаларды қорғау күні – бұл балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғап, оларға қамқорлық жасау біздің міндетіміз. Осылайша болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Бұл күні жер-жерде балаларға арналған мәдени шаралар ұйымдастырылып, мерекелік көңіл-күй сыйланады.

Салтанатты іс-шара  Ақмарал  Сүйерқұлова мен Жақсыгүл Дәрібаеваның  «Ертегілер әлемі» әнімен  ашылды. Орталықтағы тәрбиеленуші қыздардың әсем биі кеш ажарын  аша түсті. Қызметкерлер мен қызмет алушылар өз өнерлерін ортаға салып келген қонақтар мен ата-аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік концерт соңында балаларға сый-сияпат жасалынып, сыйлықтар мен тәттілер таратылды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support