- Advertisement -

Жетекші офтальмологтар балаларға тегін кеңес берді

143

- Advertisement -

Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстан Республикасы офтальмологтарының съезі және Балалар жылы аясында Мерке орталық аудандық ауруханасында дәрігерлер созылмалы және созылмалы бронха-өкпе ауруларына шалдыққан балаларға тегін кеңес берді.

Қабылдау Жамбыл облысының бас штаттан тыс офтальмологы Бақыт Досжанованың, сонымен қатар медицина ғылымдарының докторы, балалар офтальмологы Камила Кенжебаева, Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығының консультативтік-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі Жанар Қамысбаева,  Республикалық педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының маманы, пульмонология бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Назгүл Жанұзақованың қатысуымен өткізілді.

«Қазақстан офтальмологтар қоғамы» РҚБ, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының, Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығы» ЖШС ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы Достық үйінде гибридтік форматта «Офтальмологиядағы өзекті мәселелерге заманауи жауаптар» тақырыбында Қазақстан Республикасы офтальмологтарының конгресі өтті.  

Конгресс мақсаты – офтальмология саласындағы мамандарға ақпараттық қолдау көрсету, білім алмасу және көру органдарының ауруларын диагностикалау мен емдеудің халықаралық стандарттарын енгізу. Спикерлер республикалық офтальмологиялық орталықтардың және шетелдік клиникалардың жетекші мамандары болды.

4 маусымда «Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығы» ЖШС-де Қазақстан офтальмологтар қоғамының жұмыс отырысы өтіп, онда қорытынды қаулы қабылданады. Кездесуден кейін Конгресс қатысушылары мен қонақтары Денсаулық саябағына ағаш көшеттерін отырғызып, Тараз қаласының көрікті жерлерін тамашалайды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support