- Advertisement -

Батыс Қазақстанда төрт адамға қасқыр шапты

139

- Advertisement -

Батыс Қазақстан облысында құтырған қасқыр шабуылынан кейін тұтас бір ауыл карантинге жабылды,.

Жыртқыш ит пен малға шапқан, кейін Шоқтыбай ауылының төрт тұрғынын тістеп алған. Ит-құстың бірнеше тұрғынға шабуыл жасағанын естіген ер адамдар жиналып, іздестіріп, көзін жойып сараптамаға жіберген.

Зардап шеккен ауыл тұрғындары құтырмаға қарсы екпе алуды жалғастырып жатыр. Қазір олармен байланыста болған тағы сегіз адам дәрігерлерге қаралып жатыр. Ауылдағы барлық мал екпе алды. Ветеринарлар ауылды дезинфекциялайды.

«Аса қауіпті ауру ошағының тіркелуіне байланысты ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетіне ауылдық округте тіркелген 3204 бас малды вакцинациялау үшін құтырмаға қарсы вакциналар беру жөнінде сұрау жіберілді, сондай-ақ дезинфекцияға арналған препарат сұралды», — деп мәлімдеді БҚО ветеринария басқармасының басшысы Балдай Сапарғали

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support