Жаңа туындылардың тұсауы кесілді
Жаңа туындылардың тұсауы кесілді
Кездесуде халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Көсемәлі Сәттібайұлы бүлдіршіндерді мерекесімен құттықтай отырып Балалар жылы аясында жарық көрген «Әппақ шар туралы әуезе», «Елгезек бағдаршам, тоқ-қуат және басқалар», «Тәтті ертегі», «Күнге ғашық өлкеде», «Бірлікті іздеген бала» атты кітаптарымен таныстырып өтті. Кеште кітапхана қызметкерлері жазушының ертегілеріне шолу жасап, балаларға арнап көрініс көрсетті. Кітапхана оқырмандары, Талас ауданынан арнайы келген бүлдіршіндер автордың шығармаларынан үзінді оқып, өнерлерін ортаға салды. Іс-шараға қатысқан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Әлімқұлов, жас ақын Нұржан Қадірәлі, облыстық «Aq jol» газетінің аға тілшісі Марат Құлибаев, «Знамя труда» газетінің шолушысы Жарылқасын Нұралиев кітап авторы туралы жақсы пікірлерімен бөлісті. Сөйтіп баспадан жаңа жарық көрген ертегі кітапшалардың лентасын қиды.
Нұрболат АМАНБЕК, М.Х.Дулати атындағы өңірлік университетінің 3-курс студенті.