Балғындар қуанышқа кенелген күн
Балғындар қуанышқа кенелген күн
Жалпы саны 60 баланы қамтыған жиынды облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Меруерт Лештаева ашып, балаларға деген игі тілегін жеткізді. Келесі кезекте қауымдастық мүшелері әрбір балаға арнап алған сый-сияпаттарын ұсынды. Әннен шашу шашылып, көркем бимен көмкерілген салтанатты шарада балалар шат-шадыман көңіл-күйге бөленіп, олардың аналары ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. Мұнан өзге аталған қауымдастық «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне де түрлі сыйлықтар таратты. Ал «Аяла» балаларды оңалту орталығына қос бірдей тыныс алу аппаратын сыйға тартты. Қауымдастықтың атқарушы директоры Елена Балло бұл шараларға өңірдің іскер қыз-келіншектері жалпы сомасы 2 миллион теңгеден астам қаржы жұмсағандарын айтады.
Әделя Тұрсұмбекқызы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті.