Жаңа әдеп кодексіндегі талаптар қандай?

5

Бүгінде мемлекеттік аппараттың қызметі қоғам сұраныстарын қанағаттандыруға, оның ішінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, яғни сервистік қызмет көрсетуге бағытталуда.

Демек, клиентке бағдарланған мемлекеттік аппарат құру жалпы мемлекеттік қызметшілердің көзқарасын түбегейлі өзгертуді талап етеді.

Жаңа редакцияда бекітілген Әдеп кодексі мемлекеттік қызметкерлердің менталитетін жаңаша қалыптастыруға зор ұмтылу қажеттігі айшықталған.

Сонымен бірге, қызметшілердің мемлекеттік саясатты ұстануы аталып өтілген.
Әдеп кодексінің үлес қосары сөзсіз.

Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы 814 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі жаңа редакцияда бекітілді.
Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі рөлі, мемлекеттік қызметшілердің ұстанымдары мен қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға жаңашылдықтарының бірі болып мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттарын бекітілуі танылады.

Осы ретте, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделеді.
Бұл жағдайда клиентке бағдарлану қағидаты мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеуді білдіреді.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрыс ережелері қызметтік әдеп стандарттарында көрініс тапқан.

Атап айтқанда, қоғамдық кеңістіктегі, мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен және әріптестерімен қызметтік қарым-қатынастағы, қызметтен тыс уақыттағы қызметтік әдебінің стандарттары.

Мәселен, мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуға, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға міндетті.
Сонымен бірге, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік танытуы, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуі, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмауы тиіс.

Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қарым-қатынаста ұжымда іскерлік және жанашыр өзара қарым-қатынас пен сындарлы ынтымақтастықты орнатуға және оны нығайтуға ықпал етеді.

Аталғандардан бөлек, бұған дейін қолданыста болған Әдеп кодексіндегі мемлекеттік қызметшілерге қойылатын келесідей талаптар:
– өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету;
– қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау;
– жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқықбұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеу және тағы басқалары оларды тәжірибеде қолданудың икемсіздігіне және заман талабына сәйкес келмеуіне байланысты алынып тасталған.

Л. Илебаев,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері

агенттігі облыс бойынша
департаменті басшысының орынбасары.

Comments are closed.