- Advertisement -

Жаңа саяси мәдениетті қалыптастырады

28

- Advertisement -

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 маусымда конституциялық түзетулерді қабылдау бойынша бүкілхалықтық референдум өткізу туралы үндеуін мен де қолдаймын. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум өткізу туралы Жарлығы – бұл елдің стратегиялық даму бағыты, халықты жаңа Қазақстанның құрылыс үрдісіне тартуға дайын екендігінің көрінісі.

Референдум Қазақстанның жаңа саяси мәдениетін қалыптастырады. Өйткені ҚР Конституциясына енгізілетін қосымша түзетулер саяси-құқықтық жүйенің негізгі тетіктерін, елдің мемлекеттілігі мен егемендігінің құқықтық негіздерін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті іске асыруды мақсат тұтады. Мемлекет басшысы өз үндеуінде Конституцияға барлық заңнаманың, құқықтық қолайлы тәжірибенің, мемлекеттік-құқықтық қайта құрулар мен ел дамуының одан арғы процесінің іргетасы болатын және оған негізделетін жаңа түзетулерді қарауды ұсынады. Конституция жаңа түзетулермен бірге жалпы адамзаттық, сондай-ақ, байырғы ұлттық құндылықтарды бекітуге мүмкіндік береді.
Қазақстан халқының бірыңғай ерік-жігерін, оның зияткерлік әлеуетін және халықаралық қоғамдастықтың негізгі стандарттарын көрсететін болады. Сонымен қатар Конституциямыз құқықтық нормалардың халықаралық құқық, әсіресе гуманитарлық құқық жүйелеріне енгізілетін түзетулермен өзара үйлесімділігі Жаңа Қазақстанды дамыған құқықтық жүйесі бар мемлекеттер деңгейіне шығарады деп сенейік.

Біз 2022 жылғы 5 маусымға белгіленген бүкілхалықтық референдумды ойдағыдай еңсеру үшін барлық мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам өкілдерінің, әрбір азаматтың бірлескен тынымсыз, сындарлы жұмысы талап етілетінін жақсы түсінеміз. Мұндай референдумды облыстық ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері – біз, толығымен қолдаймыз.

Мухаббат Миражапова,
облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы

Аналар кеңесінің төрайымы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support