10 миллиард теңгеден аса залал келтірген
10 миллиард теңгеден аса залал келтірген
Кумековтердің басқаруымен құрылған қылмыстық топпен 11 жыл бойы Тараз қаласында жалған шот-фактуралар жазу үшін 30-дан астам жалған кәсіпкерлік мекемелер құрылған. 2009 жылдан бастап Н.Кумеков және басқалары Қазақстан Республикасының экономикалық қызметінің қарым-қатынасымен байланысты жүйелі түрде қылмыс жасау мақсатында қылмыстық топ құрып, мүліктік пайда алу мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектісінің іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттерді жасау арқылы мемлекетке аса ірі залал келтірген. Тараз қаласы №2 сотының 20.05.2022 жылғы үкімімен Н.Кумеков, А.Кумекова, В.Абдрахманова, В.Помозов, Е.Кнатов, Н.Кнатов және А.Зияшова кінәлі деп танылып, 3 жыл 9 айдан 10 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандықтарынан айыру жазаларына сотты болса, Ф.Ахмерова мен Е.Сорокинаға 3 жыл шартты жаза тағайындалды.
Маржан РАҚАЙ