- Advertisement -

Алимент төлеу – азаматтық борыш

41

- Advertisement -

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Прокуратура органдары ағымдағы мерзімде бұл салада 12 талдау жұмысын жүргізіп, оның нәтижесімен 15 ықпал ету актілері енгізілді. 24 сот орындаушы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 58 борышкер әкелік міндетін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жасы кәмелетке толмағандардың пайдасына 119 миллион теңге өндірілді.

Атқару құжаттарын зерделеу нәтижесімен облыс бойынша жұмыссыз 1 258 борышкер анықталып, тізімі қалалық және аудандық жұмыспен қамту орталықтарына жолданған. Қазіргі таңда 382 борышкер жұмыссыз ретінде есепке тіркеліп, 179 борышкер жұмыспен қамтылды.

Медиациялық келісімдердің нәтижесінде 15 проблемалық атқару құжаттары қысқартылды.

Жалпы «Е-Ассистент» бағдарламасы негізінде 47 борышкерде автокөлік құралы және 26 жылжымайтын мүлік тіркелгендігі анықталып, барлығына тыйым салынды және 38 борышкерге қатысты Қазақстан Республикасынан шығуға шектеу қойылды, 42 борышкерге қатысты жол жүргізуші куәлігіне уақытша тоқтау салынған.

Сонымен қатар прокурорлардың ықпалымен 3 тұлғаға қатысты қылмыстық іс тіркелді. Мысалға, 2014 жылы Сарысу аудандық сотымен борышкер Т.Жетписбаевтың табысының 1/2 бөлігін өндіріп алушы Ж.Шегебаеваның пайдасына өндіру туралы сот бұйрығы шыққан.

Аталған сот бұйрығын 2014 жылдан бері борышкер орындамай, әкелік міндетін орындаудан жалтарған, қарыз көлемі 5 миллион теңгеге дейін жеткен. Алайда оған қарамастан, борышкер кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент төлеуден ұзақ уақыт жалтарып жүрген.

Аталған дерек бойынша прокуратура органдарының ықпалымен борышкер әкімшілік және қылмыстық істерге тартылды. Нәтижесінде, қылмыстық іс тараптардың татуласуына және қарызды ішінара өтеуіне байланысты тоқтатылған. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

Маржан РАҚАЙ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support