- Advertisement -

КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ ОРЫНДА

50

- Advertisement -

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында облыс прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы қадағалауды қайта форматтады.

Бизнес-сектормен тұрақты кері байланыс алу мақсатында 2020 жылғы қыркүйек айынан бастап «Бизнес құқықтарын қорғау жөніндегі Сараптамалық кеңес» жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде облыстың прокуратура органдары 6000-нан астам кәсіпкердің құқықтарын қорғады.

Атап айтқанда, кепілдік жарналардың сомаларын Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде қайтару бойынша шаралар қабылдамау түріндегі кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілері анықталды.

Прокуратура актілері бойынша 100-ге жуық кәсіпкерге 65 миллион теңге көлемінде кепілдік жарна қайтарылды. Сонымен қатар прокуратураның наразылығы бойынша Мемлекеттік органдардың бизнес субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 22 қаулысының күші жойылды.

Мысалы, Байзақ ауданы прокуратурасының наразылығы бойынша «AK niet GROUP» ЖШС 3 063 000 теңге айыппұлдан босатылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Бұдан басқа кәсіпкерлердің шағымдары, өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау және заңдылықты қамтамасыз ету үшін облыс прокуратурасында мобильдік топтар жұмыс істейді, онда кәсіпкерлер өздерінің бұзылған құқықтарын қорғау үшін жүгіне алады.

Мобильдік топтың міндеті – бизнес субъектілердің құқықтарын бұзу туралы және заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасалған сигналдарына жедел ден қою. Мобильді топтар алдын ала ақпарат бойынша кәсіпкерлердің құқықтары бұзылатын оқиға орнына баруға, сондай-ақ қашықтықтан кеңес беруге қабілетті.

Бизнес-қауымдастықпен өзара іс-қимыл шеңберінде, облыс прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын мемлекеттік органдардың заңсыз іс-әрекеттерінен қорғау, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерін уақтылы қалпына келтіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.

2021 жылдың сәуір ай ын да Т.Рысқұлов ауданының прокуратурасына «Меркі жолдары» ЖШС-ның директоры Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы М.Дауытбековтың мемлекеттік сатып алу саласында 10 миллион теңге сомасындағы кепілдік жарнаны ұзақ жыл бойы қайтармай келе жатқандығы туралы шағыммен жүгінген.

Тексеру барысында дәл осындай бұзушылықтар 39 кәсіпкерге қатысты 40 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылмағаны анықталды. Аталған факті аудандық прокуратурамен ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша СДТБТ-ға тіркеліп, арнайы прокурорлармен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Тергеу барысында бизнес субъектілеріне келтірілген залал өтелді. 19.05.2022 жылғы аудандық соттың үкімімен Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы М.Дауытбеков ҚК-тің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, өмірбақи белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыра отырып 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мобильді топтардың байланыс нөмірлері облыс прокуратурасының ресми сайтында, «Instagram» және «Facebook» әлеуметтік желілерінде орналастырылған.

Маржан РАҚАЙ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support