- Advertisement -

Мемлекеттің мүлкі әркез қорғауда

16

- Advertisement -

Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мәселелері облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.
Жылдың басынан бері облыс прокуратурасы мемлекеттің мүдделеріне қол сұғу фактілері бойынша жалпы залал сомасы 1,4 миллиард теңгеден асатын 6 сотқа дейінгі істі бастады. Қазіргі таңда олар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғаудың жарқын мысалы ретінде жалпы құны шамамен 300 миллион теңге болатын бес мемлекеттік меншік объектісін жымқыру фактілерін айтуға болады.

Атап айтқанда, прокуратура коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру және өтеусіз беру рәсімдеріне жүргізген талдау нәтижесінде лауазымды тұлға өз өкілеттіктерін теріс пайдалану жолымен құны 300 миллион теңгеге жуық мемлекеттік меншіктегі 4 ғимарат пен 1 жер учаскесін жымқыру фактісін анықтады. Төрт ғимараттың жалпы ауданы 1670 шаршы метр, ал бір жер учаскесінің көлемі 1 гектарды құрайды.

2004 жылы «Коммуналдық меншік объектілерін жалға беру орталығы» МКК-нің бұрынғы директоры С.Бахтыбаев (2000- 2005 жылдары басқарған) өзінің қызмет бабын пайдаланып, бес мемлекеттік объектіні жекеменшік құқығымен өзінің туыстарына өтеусіз беру туралы заңсыз бұйрықтар шығарған.

Кейіннен 2018-2019 жылдары С.Бахтыбаев аталған мүліктерді заңсыз бұйрықтардың негізінде өзінің атына тіркеп, оның екеуін үшінші тұлғаларға сатқан, қалған үш объектіні «Krisha.kz» желісінде хабарландыру беріп, сатуға қойған. Осылайша, С.Бахтыбаевтың өз қызмет бабын пайдалануымен ұштасқан жымқыру әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 300 миллион теңге залал келтірілген.

Облыс прокуратурасы (Тараз қаласы және облыс прокуратурасымен 2 іс тіркеліп, 1 өндіріске біріктірілді) бұл факті бойынша ҚК-тің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады және аталған объектілерге қатысты тыйым салу арқылы С.Бахтыбаевтың қалған объектілерді сату туралы қылмыстық ниетінің жолын кесті.

Сонымен қатар Тараз қалалық прокуратурасы коммуналдық меншік объектілерін мемлекетке қайтару мақсатында сотқа аталған объектілер бойынша құқық беретін құжаттарды, мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арыздар берді.

Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімдерімен бес объектіге қатысты жасалған мәмілелер жарамсыз деп танылды және мемлекетке 5 объекті қайтарылды.

Қылмыстық іс арнайы прокурорлармен тергеліп, нәтижесінде С.Бахтыбаев 2021 жылы 29 маусымда сот санкциясымен күзетпен ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс 2021 жылдың 23 қыркүйегінде сотқа мәні бойынша қарау үшін жіберілді.

Қылмыстық іс дәлелдеу тұрғысынан өзекті және күрделі болуына, сондай-ақ бірқатар процессуалдық қиындықтарға қарамастан, процессуалдық басшылық нысанындағы тұрақты қадағалау және жедел-тергеу тобының іс-әрекеттерін уақтылы үйлестіру нәтижесінде С.Бахтыбаевтың кінәсін әшкерелеуге, сондай-ақ оның кінәсінің бұлтартпас дәлелдемелерін бекітуге қол жеткіздік.

Тараз қаласы №2 сотының 06.05.2022 жылғы үкімімен С.Бахтыбаев Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен, 24-бабының 3-бөлігі 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша мемлекеттік органдарда басшы қызметін атқару құқығынан 9 жылға айыра отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support