- Advertisement -

Президент

53

- Advertisement -

Қырғызстан
Премьер-министрін қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Жоомарт Оторбаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Кездесуде екі елдің сауда-экономика, инвестиция және отын-энергетика салаларындағы ынтымақтастығының мәселелері қаралды.
Тараптар Қырғыз Рес­пуб­­ликасына Қазақстаннан электр энергиясын жеткізудің жайын, сондай-ақ, Қазақстан-Қыр­ғызстан үкіметаралық кеңесінің бесінші отырысының жұмысы нәтижелерін талқылады.

Мұнай-газ саласы мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Лукойл» ААҚ-тың президенті Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесуде «Лукойл» ком­паниясының Қазақстандағы мұнай-газ саласын дамытуға қатысуы, сондай-ақ, түрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, «Лукойл» ком­паниясының Каспий теңізі қай­раңында іске асырып жатқан жаңа жобалары туралы әңгіме болды.

Кәсіпкерлікке
бөлінген қаржы
тиімді игерілуі тиіс

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бәйтерек» «Ұлттық бас­қару­шы холдингі» АҚ басқармасы төрағасы Қуандық Бишім­баевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесуде Қ.Бишімбаев Мем­лекет басшысына «Бәйтерек» хол­дингінің 2013 жылғы қызметінің нәтижелері, сондай-ақ, холдингтің компаниялар тобы жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалар туралы баяндады.
Қазақстан Президенті «Бәй­терек» холдингіне кіретін даму институттары «Самұрық-Қазына» АҚ іске асыратын трансформация­лар жөніндегі шараларды назарға алғаны жөн екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан На­зарбаев шағын және орта биз­несті қаржыландыруға мемлекет бөлген қаражат экономиканы одан әрі дамытуға оң әсерін тигі­зу мақсатында тиімді игерілуге тиіс­тігіне тоқталды.
Қ.Бишімбаев «Бәйтерек» холдингі 2014-2023 жылдарға арнал­ған даму стратегиясын қабыл­дағанын, оның негізгі бағыт­тары «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға қатысу, елдің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын қаржыландыру, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ, шетелдік және ішкі инвестицияларды тарту болып табылатынын айтты.
«Бәйтерек» холдингі бас­қар­масының төрағасы даму инсти­туттарының инвестициялық және кредиттік қызметінің жандандырылуы мен тиімсіз шығыстардың азайтылуы туралы хабардар етті.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support