Саясат

Президент

Президент

Қырғызстан Премьер-министрін қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Жоомарт Оторбаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Кездесуде екі елдің сауда-экономика, инвестиция және отын-энергетика салаларындағы ынтымақтастығының мәселелері қаралды. Тараптар Қырғыз Рес­пуб­­ликасына Қазақстаннан электр энергиясын жеткізудің жайын, сондай-ақ, Қазақстан-Қыр­ғызстан үкіметаралық кеңесінің бесінші отырысының жұмысы нәтижелерін талқылады.

Мұнай-газ саласы мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Лукойл» ААҚ-тың президенті Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде «Лукойл» ком­паниясының Қазақстандағы мұнай-газ саласын дамытуға қатысуы, сондай-ақ, түрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, «Лукойл» ком­паниясының Каспий теңізі қай­раңында іске асырып жатқан жаңа жобалары туралы әңгіме болды.

Кәсіпкерлікке бөлінген қаржы тиімді игерілуі тиіс

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бәйтерек» «Ұлттық бас­қару­шы холдингі» АҚ басқармасы төрағасы Қуандық Бишім­баевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде Қ.Бишімбаев Мем­лекет басшысына «Бәйтерек» хол­дингінің 2013 жылғы қызметінің нәтижелері, сондай-ақ, холдингтің компаниялар тобы жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалар туралы баяндады. Қазақстан Президенті «Бәй­терек» холдингіне кіретін даму институттары «Самұрық-Қазына» АҚ іске асыратын трансформация­лар жөніндегі шараларды назарға алғаны жөн екенін атап өтті. Сонымен қатар, Нұрсұлтан На­зарбаев шағын және орта биз­несті қаржыландыруға мемлекет бөлген қаражат экономиканы одан әрі дамытуға оң әсерін тигі­зу мақсатында тиімді игерілуге тиіс­тігіне тоқталды. Қ.Бишімбаев «Бәйтерек» холдингі 2014-2023 жылдарға арнал­ған даму стратегиясын қабыл­дағанын, оның негізгі бағыт­тары «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға қатысу, елдің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын қаржыландыру, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ, шетелдік және ішкі инвестицияларды тарту болып табылатынын айтты. «Бәйтерек» холдингі бас­қар­масының төрағасы даму инсти­туттарының инвестициялық және кредиттік қызметінің жандандырылуы мен тиімсіз шығыстардың азайтылуы туралы хабардар етті. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.