- Advertisement -

«Кинодағыдай». Алматы облысында ХХ ғасырдың элеваторы жарылды

79

- Advertisement -

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында жергілікті тұрғындардың шағымынан кейін тозығы жеткен ғимаратта ерекше жарылыс болды.

Әлеуметтік желіде ғимараттың жарылғаны түсірілген видео тарады. Кадрда нысанның арнайы жарылыстардан кейін қалай құлағаны көрсетілген. Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ, жұмысты мамандар жүргізген.

Тұрғындар элеватор балалар үшін қауіпті болғанын, себебі жергілікті балалар қараусыз қалған нысанда ойнағанды ​​ұнататынын айтады.

«Кинодағыдай жарылды. Элеватордың жарылғаны жақсы болды. Себебі балалар үшін қорқатынбыз. Ғимарат ескі болғандықтан құлайын деп тұрған еді. Енді орнына ауылға қажет нысан салып береді деп сенемін», — дейді жергілікті тұрғын Гүлім Айтбекова.

Нысандағы алғашқы жарылыс былтыр тамызда болған. Жергілікті басшылық қираған ғимарат орнына ауылға қажет әлеуметтік нысан салынатынын айтты.

Tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support