- Advertisement -

Инвеситиция көлемін 1 триллион теңгеге жеткізбек

76

- Advertisement -

Сарысу ауданының жалпы бюджеті 12,7 миллиард, өнеркәсіп өнімінің көлемі 20,9 миллиард теңгені, яғни 99,1 пайызды құрайды. Ал тартылған инвестициялардың көлемі 3,4 миллиард теңгеге жетіп, 49,2 пайызға орындалған. Ауыл шаруашылығы саласында 4 айда өндірілген өнімнің көлемі 2,6 миллиард теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 102,7 пайызды құрады. 24 179 гектар егістік жер көлемінің 99,3 пайызы игерілуде. Бұдан бөлек, «Аумақтық даму бағдарламасы» аясында биыл 4,2 миллиард теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылуда. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарының көлемі 990,8 миллион теңгені құрап, 103,8 пайызға орындалса, орталықтандырылған сумен 25 елді мекеннің 19-ы қамтамасыз етілген.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев баяндады. Аймақ басшысының айтуынша, шикізатты өңдеп, ірі өндірісті дамыту бағытында алдағы 5 жылға инвестициялық жобалардың перспективалық жоспары жасақталған. Бұл тұрғыда құны 892,1 миллиард теңге болатын 13 инвестициялық жобаның пулы әзірленіпті. Мұндағы мақсат – қосымша жобаларды тарта отырып, инвестицияның көлемін 1 триллионға жеткізу. «Кең дала» бағдарламасымен 13 шаруа қожалығы 48,4 миллион теңге көлемінде несие алуға өтінім беріп, 13 өтінім 43,9 миллион теңгеге қаржыландырылды. Сондай-ақ ағымдағы жылы 162,0 миллион теңгені құрайтын 19 жаңа техника алынып, жаңару көрсеткіші 3 пайызды көрсетті. Жыл аяғына дейін техника жаңарту үлесі 11 пайызға жеткізілетін болады, – деді Марат Қырғызәліұлы.

Сонымен қатар Жаңатас қаласынан қуаттылығы 1 мың тонна болатын азық-түлік қоймасын салу жұмыстары басталып, ауданда шағын өңдіріс цехтарын ашу көзделуде. Жалпы, ауданда 3 717 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Оның 2 958-і белсенді қызмет жасап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,6 пайызға артты. Тіркелгендердің үлесі 79,6 пайызды құрап отыр. Бұл салада 3 851 аудан тұрғыны жұмыспен қамтылған.

Жыл басынан кәсіпкерлерге 27,7 миллиард теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетіліпті. Атап айтқанда, кәсіпкерліктің әртүрлі саласын дамыту мақсатында жеңілдетілген 6 пайыздық несиелендіру бойынша жалпы соммасы 59,5 миллион теңге болатын 17 жоба мақұлданып, оның ішінде 27,7 миллион теңге көлемінде 8 жоба қаражаттарына қол жеткізді. Сонымен қатар микроқаржы ұйымдары арқылы «Бизнес бағдарламасы» бойынша ауданда жалпы қаражаты 236 миллион теңге болатын 191 жоба несиеге қол жеткізді.

Айтолқын КЕНЖЕБЕКОВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support