Инвеситиция көлемін 1 триллион теңгеге жеткізбек
Инвеситиция көлемін 1 триллион теңгеге жеткізбек
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев баяндады. Аймақ басшысының айтуынша, шикізатты өңдеп, ірі өндірісті дамыту бағытында алдағы 5 жылға инвестициялық жобалардың перспективалық жоспары жасақталған. Бұл тұрғыда құны 892,1 миллиард теңге болатын 13 инвестициялық жобаның пулы әзірленіпті. Мұндағы мақсат – қосымша жобаларды тарта отырып, инвестицияның көлемін 1 триллионға жеткізу. «Кең дала» бағдарламасымен 13 шаруа қожалығы 48,4 миллион теңге көлемінде несие алуға өтінім беріп, 13 өтінім 43,9 миллион теңгеге қаржыландырылды. Сондай-ақ ағымдағы жылы 162,0 миллион теңгені құрайтын 19 жаңа техника алынып, жаңару көрсеткіші 3 пайызды көрсетті. Жыл аяғына дейін техника жаңарту үлесі 11 пайызға жеткізілетін болады, – деді Марат Қырғызәліұлы. Сонымен қатар Жаңатас қаласынан қуаттылығы 1 мың тонна болатын азық-түлік қоймасын салу жұмыстары басталып, ауданда шағын өңдіріс цехтарын ашу көзделуде. Жалпы, ауданда 3 717 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Оның 2 958-і белсенді қызмет жасап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,6 пайызға артты. Тіркелгендердің үлесі 79,6 пайызды құрап отыр. Бұл салада 3 851 аудан тұрғыны жұмыспен қамтылған. Жыл басынан кәсіпкерлерге 27,7 миллиард теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетіліпті. Атап айтқанда, кәсіпкерліктің әртүрлі саласын дамыту мақсатында жеңілдетілген 6 пайыздық несиелендіру бойынша жалпы соммасы 59,5 миллион теңге болатын 17 жоба мақұлданып, оның ішінде 27,7 миллион теңге көлемінде 8 жоба қаражаттарына қол жеткізді. Сонымен қатар микроқаржы ұйымдары арқылы «Бизнес бағдарламасы» бойынша ауданда жалпы қаражаты 236 миллион теңге болатын 191 жоба несиеге қол жеткізді.
Айтолқын КЕНЖЕБЕКОВА