- Advertisement -

2 сотталған азамат ұсталды

61

- Advertisement -

Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты жерімен жұмыс орындарын тексеру үшін бірлескен мобильді топтар құрды. Мұндағы басты мақсат — құқық бұзушылықтардың алдын алу сондай-ақ бас бостандығынан айырусыз жаза тағайындалған сотталған азаматтар тарапынан қайталама қылмыстардың алдын алу.

Мобильді топ жазасын өтеушілердің тұрғылықты жерімен жұмыс орны бойынша тексерулерден бөлек, сотталғандар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстарды уақтылы анықтау тұрғысынан ақпараттық іздестіру жүйелері бойынша тексеруді де жүзеге асырды. Іс-шара барысында есепте тұрған тұлғалармен қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары және пробация қызметінің бақылаудан жалтарғаны үшін жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде нақты түсіндірілді.

Пробация қызметкерлері тарапынан жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстарға қарамастан, жазасын өтеуден жалтарып, қылмыс жасайтын сонымен қатар пробациялық бақылаудан жасырынатындар да бар. Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында қалалық сотқа бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы материалдар жолданды. Нәтижесінде 10 сотталушының бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы бас бостандығынан айыруға алмастырылды. Бұдан бөлек, бастапқы іздестіру шаралары жүргізіліп, іздеуде жүрген 2 сотталған азамат құрықталды. Бұл жұмыстарды пробация қызметкерлері және қалалық полиция басқармасы 2-ші полиция бөлімшесі криминалдық полиция бөліміндегі әріптестерімен бірге жүзеге асырды.

Қуаныш КАЛЫК,
Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің бастығы әділет майоры

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support