- Advertisement -

Зағип балалар кітап оқудан жарысқа түскен

100

- Advertisement -

Мамыр саябағында облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Саусағымның ұшымен терең терген қазынам» атты кітап көрмесі өтті. 39 мыңнан асатын оқырманы бар аталмыш кітапханада 9 жоба аясында әртүрлі акциялар өткен. Көрмеде сол жобалардың бірі – «Бір ел, бір кітап» және «Біздің өлкенің мақтаныштары» атты акциясы бойынша тактильді кітаптар таныстырылды.

Зағип балалардың кітапқа деген қызығушылықтарын ояту, қоғамда болып жатқан жаңалықтармен таныстыру, көзімен көре алмаса да саусақ ұшымен сезінсін деген мақсатта арнайы қолдан тактильді кітаптар шығарылған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017-2022 жылдарға арналған «Ерекше балаларға – ерекше кітаптар» жобасы да жүзеге асырылуда. Сондай-ақ қазақтың көрнекті қайраткерлері, ақын-жазушылары мен мерейтой иелерінің өлеңдерін, шығармаларын ұлықтау және есімдерін мәңгі есте қалдыру мақсатында көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған дыбыстандырылған кітап дайындалған.

Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Айгүл Оразқұлованың айтуынша, кітапханаға жылына 2200 оқырман келеді. Қазіргі уақытта 1126 оқырман тіркелген. Оның 337-сі зағип оқырмандар. Олар осы күнге дейін барлығы 15708 дана кітап алып оқыды. Ал көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар 4412 дана кітап оқыған. Кітапты көп оқыған оқырмандар, І және ІІ топ көз мүгедектіктері бар – Үртай Сейсенбаева, Асия Нуриева және Людмила Одиак. Бұлардың әрқайсысы 5 ай ішінде 10-61 кітапқа дейін оқыған.

Айтолқын КЕНЖЕБЕКОВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support