Зиялы қауым өкілдері референдумды қолдайды

24

Референдумды қолдау жөніндегі облыстық қоғамдық штаб қарқынды жұмыс істеуде. Конституциялық реформаларды түсіндіру жұмыстарын аталған штабтың әрбір мүшесі түрлі жиындар мен кездесулерде кең көлемде жүргізуде.

Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият» орталығында облыстың зиялы қауым өкілдері және ардагерлермен болған кездесуде де бұл тақырып кеңінен қаузалды. Облыстық қоғамдық штаб төрағасы Амангелді Кәрентаев саяси науқанның маңыздылығын жан-жақты баяндап шықса, өзге де қатысушылар елдегі түрлі оқиғаларға, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып жатқан саяси реформаларға қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасын, халыққа арнаған Жолдауында айтқан мәселелерді, берген уәделерін жүзеге асыру үшін көптеген заңды өзгертуге тура келіп отырғаны анық. Ол үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу мен 20-дан астам заңды қайта жазу қажеттілігі туындап отыр. Яғни елдің құқықтық жүйесінің басым көпшілігі өзгеріске ұшырамақ. «Осынша өзгеріс елде демократиялық процестерді жетілдіріп, «биліктің бірден бір қайнар көзі – халық» деген принцип жүзеге асады. Яғни қоғам өз өкілдері арқылы маңызды шешімдерге араласады.

Осыншалық ауқымды реформаларды заңмен бекіту үшін бізге референдум қажет. Себебі бұл тек Президент не Парламент шешетін мәселе емес, бұл – бүкіл халықтық деңгейдегі міндет» деген шешімге келген жамбылдың зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер референдумды бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.

Маржан РАҚАЙ

Comments are closed.