- Advertisement -

Бәрі жақсы болады

26

- Advertisement -

Қор мен салықтан жағымды хабарлар келіп, Қазақ елінің болашағы нығая түсті. 2022 жыл біз үшін экономикалық жағынан табысты уақыт болады.

Биылғы жылдың 4 айында Ұлттық қорға 2,1 триллион теңге түсті. Мысалы, бүкіл 2021 жылы Қорға түскен қаржы 2,6 триллион теңге болатын. Биыл кем дегенде 5 триллион теңге келеді деп болжасақ, ал Үкіметтің трансферт ретінде Қордан алатыны 4 триллион теңге болса, онда 1 триллион теңге қоржында қалуы тиіс. Одан бөлек, инвестициялық табыстан аз дегенде тағы 2 триллион теңге пайда аламыз деген болжам бар. Сонда Ұлттық қор 3 триллион теңгеге (6 млрд. доллар) толығуы тиіс. Олигархат кеткеннен кейін Алтын Орда (барахолка, Қорғас) Қордай жүйелері көлеңкелі экономикадан шығып, бұған дейін беріп жүргендерінен бірнеше есе көп салық төлей бастады. Ол бірден бюджеттің кіріс бөлігінің жоспардан артық орындалуын қамтамасыз етіп отыр. Қазір үкімет кезінде билікке жақын болып, салықты аз төлеп келген ірі құрылыс компанияларын (автосалондарды) жіті тексере бастады. Одан да бюджет кем дегенде +10 миллиард теңге көре алады.

Айбар ОЛЖАЕВТЫҢ

фейсбук парақшасынан алынды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support