Жаңалықтар

Өмірдің ғибратты сәттері

Өмірдің ғибратты сәттері

Мен жақында газетіміздің отыз-қырық жылғы тігіндісін ақтарып шықтым. Сонда көзіме көп нәрсе оттай басылды. Айталық, Жақсылық Сәтібековтің «Өмірдің ғибратты сәттері» туралы жазғандары қазір де көкейлерде сайрап тұр. Ол кісі шөпті де, астықты да жазбапты. Оның бәрі қарап отырсақ, күнделікті қу тамақ екен ғой... Жәкең болашаққа керек адамгершілікті, бауырмалдықты, еңбеккештікті, достықты жазыпты. Және оның бәріне өзі ғана қалам сілтемей, ардагерлермен пікірлесе отырып, олардың өмірлік тәжірибесін айтқызып, солардың аузымен қағазға түсіріпті. Ол дүниелер кеше де, бүгін де, меніңше ертең де керек. Міне, осындай мәселелер өте өзекті. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы туралы жазылған дүниелер де керемет қой. Елдің бәрі кемеңгер, жазушы болып кетпейді. Кезінде соғыс тақырыбы туралы естелік жазып, кітаптар шығарған кісілер бар. Мысалы, Әшірбай Есмұрзаев деген ақын бар етін. Ол кісі жасында жазып, кейін қойып кетіпті. Жасы алпысқа келгенде қайта қолына қалам алып, үш бірдей жинағын шығарды. Міне, осы кісілердің жазғандарына риза болатынбыз. Композитор Шәміл Әбілтаев осы кісінің бір өлеңін көріп, сол туындыға ән шығарып, редакцияға келіп, бізге «Бозторғай» әнін орындап бергені де есте қалыпты. Ол дегеніміз Әшекеңнің шығармаларының жүректерге жеткендігін айқындайды. Баттал Жаңабаев: «Менің бөлім бастықтарымды бүгін редактор қойсаң, бүгін жұмыс істеп кетуге дайын» деп айтатын. Қаламдарың ұшқыр болып, қанаттарың талмасын!

21Елен Әлімжан, газеттің ардагері, жазушы.