- Advertisement -

Шомылу маусымына дайындық барысы пысықталды

121

- Advertisement -

Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Тараз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы қалалық білім бөлімімен және облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағы қызметкерлерімен бірлесіп, Тараз қаласының №34 орта мектебінің оқушылары және олардың ата-аналарымен «Судағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында кездесу өткізді. Мамандардың айтуынша, биылғы шомылу маусымында 16 су айдынының жұмысына рұқсат берілген. Кездесу барысында қатысушыларға қала аумағында шомылуға тыйым салынған орындар және белгіленген арнайы демалыс аймақтарымен ақпараттандырылып, демалушылардың қауіпсіздігіне мекеме қожайындарына тікелей жауапкершілік жүктелетіндігі туралы айтылды.

Құтқарушылар Талас өзенінің жағасында суға кеткен адамды құтқару, зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық көрсетілімдер ұйымдастырды. Сондай-ақ су айдындарында өзін өзі ұстау ережелері бойынша ұсыныстар беріп, ескерту және тыйым салу белгілері орналасқан жерлерде шомылуға мүлдем болмайтындығын қатаң ескертті. Жазғы маусымда суға кетіп қаза болу жағдайларының алдын алуға бағытталған іс-шаралар шомылу маусымының соңына дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, былтыр шомылу маусымында 4 адам қайтыс болды, оның ішінде 2 бала. Өлімнің басты себебі – ересектердің балаларды қараусыз қалдыруы, жабдықталмаған және тыйым салынған орындарда шомылуы. Сондай-ақ балық аулау кезінде және мас күйде шомылуы. Ал биыл Талас ауданындағы «Жартас» су қоймасынан дұрыс емес жерден өтіп, абайсызда суға құлап, батып кеткен 1 адамның денесі табылған.

Қазіргі таңда аймақта шомылуға қауіпті орындарда судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында су айдындарының демалу және шомылуға қауіпті, жабдықталмаған учаскелерінде «Қауіпті аймақ», «Шомылуға тыйым салынған» және т.б. тақырыпта 200-ден астам ескертпе, тыйым салатын белгілер және 45 ақпараттық стенділер орнатылды. Сондай-ақ су қоймасы мен өзен бойында соңғы 5 жыл аралығында қайғылы оқиғалар туралы қосымша ақпараттар ілінді.

Сонымен қатар маусым айынан бастап жергілікті атқарушы органдар, облыстық төтенше жағдай және полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесе, көпшілік жаппай демалатын және шомылуға қауіпті, рұқсат етілмеген орындарда рейдтер мен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жазғы шомылу маусымы кезінде судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында суға жақын орналасқан елді мекен тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында 250 рейдтік іс-шара, 25 жиналыс ұйымдастырылды.

Айтолқын КЕНЖЕБЕКОВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support