- Advertisement -

Зейнетақы мен жәрдемақы 1 сәуірден бастап қалай көбейді?

83

- Advertisement -

Үстіміздегі жылғы 12 мамырда Мемлекет басшысы «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғаны белгілі. Осы заң бойынша биылғы 1 сәуірден бастап, айлық есептік көрсеткіш 3180 теңгеге, ең төменгі күнкөріс деңгейі 37389 теңге болып, алдыңғы деңгейден 4 пайызға артып отыр. Демек, айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланыстырылған барлық жәрдемақылар мен зейнетақылар осы мөлшерге көбейгенін айту керек.

Мәселен, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің немесе айлық есептік көрсеткіштің шамасынан есептелетін жәрдемақылар мен базалық зейнетақының мөлшері 5 пайызға (инфляцияның орташа болжамының деңгейі) арттырылған болатын. Осыған сәйкес, жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері инфляцияның болжамды деңгейінен 2 пайызға оза отырып, индекстеліп, оның мөлшері жыл басынан 7 пайызға арттырылған еді.
Енді, 1 сәуірден бастап инфляция дәлізін қайта қарауды ескере отырып, тағайындалған зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшері тағы да 4 пайызға индекстелді, бұл жиынтығында базалық зейнетақы мен жәрдемақылардың 9 пайызға, ал жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақылардың 2021 жылмен салыстырғанда 11 пайызға өскенін білдіреді.

Бұл ретте, базалық зейнетақыны қоспағанда толық еңбек өтілі болған жағдайда зейнетақының ең төменгі мөлшері 48032 теңгені, ЕТКД-нің ұлғаюына байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері 20191 теңгені, ең жоғары мөлшері 37 389 теңгені құрап отыр.
Жаңадан тағайындалатын зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 146 280 теңгені (46 АЕК) құрайды.
Айта кететін жағдай, зейнетақы мен жәрдемақылар осы жылғы 1 сәуірден бастап көтерілді, ал төлемдер 2022 жылғы маусым айынан бастап төлене бастайды. Маусым айындағы төлемге сәуір, мамыр және маусым айындағы көтерілген сомалар қосып төленетін болады.

Р. НАЗАРОВА,
№1 Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы.
Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support