- Advertisement -

Көшпелі қоғамдық қабылдауда 31 мәселе қаралды

27

- Advertisement -

Қала аумағындағы 2 аумақтық округте көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілді. Қала әкімі Ержан Жылқыбаев және әкімдікке қарасты барлық бөлім басшылары қатысқан жиында тұрғындардың түрлі өтініштері мен мәселелері тыңдалды.

Көшпелі қоғамдық қабылдауда шаһар басшысы түрлі талап-тілектерімен келген 19 тұрғынды қабылдады. Жалпы 31 мәселе қаралды.

Тұрғындар көтерген арыз-шағымдардың 40% жеке мәселе, 40% әлеуметтік салаға тиесілі болса, қалғаны қоғамдық маңызы бар сұрақтар. Тұрғындар тілегін мұқият тыңдаған Ержан Жылқыбаев тиісті сала басшыларына көтерілген мәселелерді зерделеп, тез арада шешілуін тапсырды.

Қоғамдық қабылдауда көтерілген әрбір сауал хаттамаға тіркеліп, жан-жақты зерделенетін болады.

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support