Насихат жұмыстары жүйелі жүргізілуде

8

Жалпыхалықтық референдумды халық арасында кеңінен насихаттау мен маңызын түсіндіру жұмыстарында депутаттар белсенділік танытуда.

Халықаралық Тараз инновациялық институтының профессор-оқытушылық құрамы мен студенттерімен ҚР Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков пен ҚР Мәжілісінің депутаты Әбдіманап Бектұрғанов кездесу өткізді.

Жиынның күн тәртібіндегі ең басты мәселе әлбетте, 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдум болды.

Бекболат Серікбекұлы бүгінде Жаңа Қазақстан құрудың алғышарты ретінде Конституциялық өзгертулер мен толықтырулардың ерекше маңызға ие екенін, мемлекеттік саясаттың кейінгі ұстанымы туралы кеңінен сөз қозғады. Аталған институттың бірінші проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Асқар Абдуалы кездесуді жүргізумен қатар, бұл саяси науқанның аса маңызды екенін ұғындырды.

Жиын соңы сұрақ-жауап пен еркін пікір алмасу форматына ұласты. Студенттер тарапынан алуан түрлі сауал қойылып, оған тұшымды жауап берілді.

Маржан КӘРІМЖАНҚЫЗЫ.

Comments are closed.