- Advertisement -

Жазғы мектеп жұмыс істейді

183

- Advertisement -

Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып қалды. Биыл мектепті 11762 оқушы аяқтап, емтихандарын тапсырған соң қолдарына аттестатын алмақ. Қазір олардың басым бөлігі оқу процесімен қатар Ұлттық бірыңғай тестілеуде бақтарын сынап, болашақ мамандықтарын таңдауда.

Облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангозовтың айтуынша, облыстағы 480 мектепте соңғы қоңырау 25 мамыр күні соғылады. 11-сыныпты 11762 оқушы бітірмек. Ал орта буын 9-сыныпты аяқтайтын оқушылар саны – 21213 бала.

– Пандемия салдарынан көп мектептер онлайн білім алды. Енді 26 мамыр мен 17 маусым аралығында осы олқылықтың орнын толтыру үшін білім ордаларында жазғы мектеп жұмыс істейтін болады. Оған 1-8 сынып және 10 сыныптың оқушылары қатысады, – деді Бейқұт Жамангозов.

Мектептерде қорытынды аттестаттау 9 және 11-сынып оқушылары арасында 27 мамыр мен 10 маусым аралығында жүргізіледі. Қорытынды бітіру емтихандары 9-сыныптарда 4 пәннен, 11-сыныптарда 5 пәннен, барлық емтихандар мектептерде өтеді.

Биыл «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер саны – 490 оқушы (2021 жылы – 485). «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын (ана тілі мен математика) облыстық білім басқармасы жанынан құрылған комиссия қарайды.

Бір атап өтерлігі, түлектердің мектеп бітіру кештерін 17 маусымда білім беру ұйымдарының қабырғаларында өткізу жоспарланған.

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support