Әлімханұлы әлем чемпиондарына үн қатып, батыл мәлімдеме жасады

3

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) орта салмақта WBO тұжырымы бойынша «уақытша» чемпион титулын жеңгеннен кейін чемпиондарға үн қатты.

«Сендерге айттым ғой! Бұл жеңіл жекпе-жек болады десем, жеңіл жекпе-жек болады. Мен барлық чемпионды оңай жеңемін, Иншалла!» — деп жазды боксшы Twitter-парақшасында.

Еске салайық, Әлімханұлы 22 мамырда Лас-Вегаста ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) мерзімінен бұрын жеңген болатын. Титул сарапқа салынған жекпе-жек екінші раундта аяқталған. Бұл жетістік қазақстандыққа әлемдік белбеу алуға мүмкіндік берген еді.

 

Comments are closed.