- Advertisement -

ҰБТ алғашқы аптасында 21 түлектің нәтижесі жойылды

90

- Advertisement -

Бақылау одан әрі күшейтілетін болады.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші аптасында 21 ереже бұзушылық анықталып, нәтижелер жоққа шығарылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, өткен аптада тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан барлығы 21 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды

«Біз ҰБТ-дағы әрбір жоғары нәтижені тексереміз», — деді ол.

Сонымен қатар ол жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлерді қайта бақылау барысында ерекше назарға түскен тестіленушіге тоқтады.

«Тест тапсырушы қаңтар айында 7️2 балл, ал негізгі ҰБТ-да 1️30 балл жинаған. Нәтижесі бірден 5️8 балға өскен, сондықтан біз қосымша күшейтілген бақылауды өткізуді жөн көрдік», — дейді орталық директоры.

Бейнежазбаларды тексеру барысында талапкердің ҰБТ ережелерін бұзғандағы белгілі болды. Ол тестілеу барысында бейнекамера мен мини құлаққап қолданған.

Осыған жол берген қызметші тестілеуден шеттетілді. Қызметтік тексеріс жүргізіліп, тиісті шара қолданылатын болады.

Ал тест тапсырушының нәтижелері жойылды. Енді ол екінші мүмкіндігін қолдана алмайды.

«Достар, жүйені алдауға тырысудың қажеті жоқ. Жауапкершіліктен ешкім құтыла алмайды.Тағы да сіздерді академиялық адалдықты сақтауға шақырамын. Ал біз бақылауды одан әрі күшейтетін боламыз», — деп жазды ол.

ҰБТ алғашқы аптасы 16 мамыр 5 маусым аралығында өтеді.

suptnik.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support